Министрліктің жаңалықтары

10.10.2018

Мәдениет және спорт министрлігі мен Құрама Штаттарының Шетелдегі американдық мұраны сақтау жөніндегі комиссиясы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

10 қазан, 2018. Америка Құрама Штаттарының шетелдегі американдық мұраны сақтау жөніндегі комиссиясы төрағасы Пол Пакердің Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезіне қатысу мақсатында Қазақстанға жасаған сапары аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар мәдени мұраны сақтау аясында екіжақты ынтымақтастықты дамытуға ниетті екендігін хабарлады. Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Құрама Штаттарының Шетелдегі американдық мұраны сақтау жөніндегі комиссиясы арасындағы белігілі бір мәдени мұраларды қорғау және сақтау туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Аталған Меморандум осы саладағы ынтымақтастықтың негізі болатынын және екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтатындығын мәлімдейміз. Сонымен бірге, осындай келісімнің жасалуы АҚШ-та Қазақстанның мәдени және тарихи жобаларын ілгерілетуге және Қазақстанның ұлтаралық келісім мен бірліктің елі ретінде халықаралық беделін нығайтуға мүмкіндік береді.

Өзгерту: 11.10.2018