Министрліктің жаңалықтары

10.10.2018

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі AIBA басшылығына Серік Қонақбаевтың кандидатурасын қолдайды

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі AIBA басшылығына Серік Қонақбаевтың кандидатурасын қолдайды

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі AIBA ұйымына мүше мемлекеттерге Серік Қонақбаевтың кандидатурасын қолдау бойынша хат жолдады.  «Серік Қонақбаев  1980 жылы Мәскеуде өткен XXII Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, 2010 жылдан бері  АИБА мүшесі, 2014 жылдан бері АИБА вице-президенті және Азия Бокс Конфедерациясының Президенті қызметтерін атқарып келеді. Серік Қонақбаев АИБА Президенті қызметіне лайық деп санаймыз. Отандық және халықаралық дәрежеде бокс спортының дамуына үлес қосып келеді. Сонымен қатар, ол өзінің көшбасшылық қасиеттерінің арқасында спорттық қауымдастықтың сеніміне ие болды. Серік Қонақбаевтың АИБА Президенті болуы боксты жаңа дәрежеге шығарады деген сенімдеміз.

Біз сіздердің жергілікті Бокс Федерацияларыңыз Серік Қонақбаевтың кандидатурасын қолдайды деген үміттеміз.», -делінген хабарламада.

Айта кетейік, Серік Қонақбаев Лозаннада спорттық арбитражға шағым түсірген болатын. Себебі, АИБА комиссиясы сайлауға жібермеген. Басты себеп Қонақбаевтың қажетті дауысты жинай алмауы дейді, комиссия мүшелері.

Серік Қонақбаев болса, оған себеп, құжаттар Ұйымның бас кеңсесіне 24 қыркүйекте түсуі екендігін айтады, ал дауыстарды қабылдаудың соңғы күні 23 қыркүйек болған. 

Өзгерту: 10.10.2018