Министрліктің жаңалықтары

09.10.2018

Алғашқы рет Қазақстанның астанасы хор өнеріндегі үздіктерін жинайды

9 қазан, 2018. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз орталығында «Астана – Әлем дауысы» халықаралық фестивалінің баспасөз конференциясы өтті.

2018 жылғы 5-11 қазан арылығында Қазақстан Республикасының Мәдениет және Cпорт Министрлігі және «Қазақстан хор дирижерлері» Республикалық Қоғамдық Бірлестігі Астананың 20-жылдығы шеңберінде ауқымды музыкалық жобаны –  «Астана – Әлем дауысы» халықаралық фестивалін ұсынады.   

Алғашқы рет Қазақстанда бес құрлықтың 25 елінен келген 500 хор әртісі рухани және ұлттық шығармаларын елорда сахнасынан орындайды.  

«Біздің мақсатымыз қазақстандық және шетелдік хор ұжымдарының  әрі қарай өзара әрекеттесуіне, баға жетпес тәжірибе алмасуына, хор орындауының, сонымен қатар қабылдауының деңгейін және мәртебесін көтеруге, еліміздің хор өнерін танытуға платформа орнату» - дейді ұйымдастырушылар.

Концерттер Габор Холлерунг (Мажарстан), Наоми Фаран  (Израиль Мемлекеті), Пол Холлей (Австралия), Акала Акангмерен (Үндістан Республикасы), Хонг Су Ким (Оңтүстік Корея), Кристиано Дель’Осте (Италия Республикасы), Людмила Лицова (Ресей Федерациясы), Бейімбет Демеуов (Қазақстан Республикасы) және тағы да басқа дирижерлерінің қатысуымен өтеді. 

Шеберлік сыныптары хор өнерінің шетелдік мамандары, хор дегдарларының өкілдері өткізеді, оның арасында Габор Моцар - «Европа Кантат» Президенті (Еуропалық Хор қауымдастығы), Эмили Куо Вонг - IFCM Президенті (Хор музыкасының халықаралық федерациясы), әлем деңгейіндегі дирижерлер және халықаралық сыйақылардың атақтары шыққан   лауреаттары Зимфира Полоз (Канада), Амикаэла Гастон (АҚШ), Аида Свенсон (Индонезия), Боряна Найденова (Болгария), Инесса Бодяко (Беларусь Республикасы).

Фестиваль бағдарламасына төмендегілер кіреді:

 

5 қазан сағ. 19:00

Сәлемдесу концерті, «Астана Опера» МОБТ

6 қазан сағ. 16:00

 

7 қазан сағ. 18:00

Достық концерті - «Хан Шатыр» СОО аясында

 

Достық концерті - Mega Silk Way СОО аясында

6-8 қазан

Шебер кластары мен семинарлар

 

10 қазан сағ. 19:00

«Әлем Гимні» концерті, «Астана Балет» театры

Фестивальға 20 қазақстандық ұжымдар және Канада, Португалия, Австралия, Беларусь Республикасы, Болгария Республикасы, Мажарстан, Грузия Республикасы, Израиль Мемлекеті, Үндістан Республикасы, Индонезия, Италия Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Корея Республикасы,  Ресей Федерациясы,  Саха Республикасы, Америка Құрама Штаттары, Әзірбайжан Республикасы, Қырғыз  Республикасы, Татарстан Республикасы, Түркия Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Оңтүстік Африка Республикасы, Жапония мемлекеттерінен келген қатысушылар өнер көрсетеді.

       

Өзгерту: 09.10.2018