Министрліктің жаңалықтары

05.10.2018

Арыстанбек Мұхамедиұлы «ТҮРКСОЙ» ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейіновты құттықтады

5 қазан, 2018. ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымның Бас хатшысы Дүйсен Қасейіновты Қырғызстан Республикасының мемлекеттік наградасы «Данакер» орденімен марапатталуымен құттықтады.

«Түркі тілдес халықтардың тарихи-мәдени болмысын біртұтастықта қарап, оны тереңдете тану жолындағы қызметіңіз үшін туысқан елдердің марапатына ие болып келесіз. Түркілік тұтастықты ұрпақтар санасында жаңғырту жолындағы еңбегіңіз жемісті бола берсін. Дүниежүзі түркі халықтарының арасында тізе қосқан сыйластықты жолға қойып, әлемде батыс пен шығысқа дәнекер, алтын көпірлік міндетті абыроймен атқара беріңіз» - делінген құттықтау хатында.

Естеріңізге салсақ, Сооронбай Жээнбеков 2018 жылдың 30 тамызында түркітілдес мемлекеттер мен Қырғызстан Республикасының ынтымақтастығына, мәдени және достық қарым-қатынас орнатуына сіңірген еңбегі үшін «Дүйсен Қасейіновті «Данакер» орденімен марапаттау» туралы жарлығына қол қойған болатын. Қырғызстанның мемлекет басшысы Дүйсен Қасейінов басқарып отырған ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының түркітілдес мемлекеттерді жалғаушы рухани көпір болып саналатынын айтты.

Фото: Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі


Өзгерту: 05.10.2018