Министрліктің жаңалықтары

05.10.2018

Мәдениет және спорт министрлігінің қызметкерлері ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын онлайн режимде тыңдады

Мәдениет және спорт министрлігінің қызметкерлері ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын онлайн режимде тыңдады

5 қазан, 2018. Мәдениет және спорт министрлігінің қызметкерлері ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын тікелей эфирде көрді. Мемлекеттік органның мәжіліс залында еліміздің басым даму бағыттарын анықтайтын құжат талқыланды.

Стратегиялық құжат еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналған. Өз сөзінде Елбасы еліміздің даму бағыттарын анықтап берді.

Министрліктің барлық қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген әр бағытты қолдайтындығын жеткізді. Нұрсұлтан Назарбаев көлік-логичтикалық және қызмет көрсетулерді дамыту бойынша жұмыстарды нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Біздің бай табиғи мәдени әлеуетін пайдалану үшін ішкі және сыртқы туризмді дамытуға көңіл бөлу қажет. Сондай-ақ, Үкіметке қысқа мерзімде салалық бағдарлама қабылдау тапсырылды.  

Өзгерту: 05.10.2018