Әлеуметтанулық зерттеулер

Мәдениет саласындағы әлеуметтанулық зерттеу бойынша анықтама

Қазақстан Республикасының мәдени саясатының тұжырымдамасын іске асыру аясында Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) саланың даму динамикасын бағалауға бағытталған әлеуметтанулық зерттеу жүргізеді.

Аталған зерттеу мақсаттарының бірі мәдениет саласындағы қызметтердің сапасына халықтың қанағаттану деңгейін айқындау болып табылады.

Зерттеу 14 облыста және Астана мен Алматы қалаларында репрезентативті ұлттық іріктеме бойынша жүргізіледі, бұл сенімді, айқын мәліметтер алуға мүмкіндік береді.

Іріктеме Қазақстанның ересек халқын (18 жастан жоғары) жынысы, жасы, ұлттық шығу тегі, білім деңгейі, сондай-ақ тұрғылықты жері (елді мекен түрі) бойынша репрезентациялайды.

Іріктеме жиынтығының көлемі – 2500 респондент. Ақпарат жинау әдісі – сауалнамалық сұрау.

Әлеуметтанулық зерттеу барысында Министрліктің Стратегиялық жоспарының көрсеткіші – мәдениет саласындағы қызметтердің сапасына халықтың қанағаттану деңгейі айқындалды.  

Зерттеу мәліметтері бойынша мәдениет саласындағы қызметтердің сапасына халықтың қанағаттану деңгейі 2014 жылмен салыстырғанда (67,9%) 2015 жылы 69,1%дейін өсті.

Бұл көрсеткішке қолжеткізуге халық арасында мәдениет және өнер саласындағы қызметтерді тұтыну мен деңгейі; мәдениет саласындағы инфрақұрылымның дамуы мен қолжетімділігі; сондай-ақ отандық мәдениет өнімінің сипаты сияқты факторлар әсер етеді.

Жүргізілген зерттеу нәтижелері мәдениет және өнер саласындағы қызметтердің сапасына қанағаттануды жақсарту жөніндегі жұмыс үшін бағыттарды айқындауға, атап айтқанда адамның мәдениетін дамытуға, қазақстандық авторларды танымал етуге, сондай-ақ отандық мәдениет өнімдерін дәріптеуге мүмкіндік береді.

Өзгерту: 15.12.2017