Министрліктің жаңалықтары

06.12.2017

ТҮРКСОЙ Мәдениет министрлерінің тұрақты кеңесінің 35-сессиясы

5 желтоқсан 2017 ж. Түркістан. ТҮРКСОЙ Мәдениет министрлері тұрақты кеңесінің  35-сессиясы өтті.

Кездесуге ҚР Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы, ТҮРКСОЙ бас директоры Д. Қасейінов, Әзірбайжан Мәдениет вице-министрі, Қырғызстан Мәдениет министрі, Түркия Мәдениет вице-министрі, Түрікменстан Мәдениет вице-министрі қатысты.

Кездесу ҚР Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлының басқаруымен өтті.

Іс-шара барысында ТҮРКСОЙ-ға мүше мемлекеттердің Мәдениет министрлері достастық пен өзара түсіністік ахуалында мәдениет пен өнер саласындағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен нәтижелерін талқылады, сондай-ақ, одан әрі басымдықтарды айқындау туралы пікір алмасты.

Күн тәртібіне мынадай мәселелер кірді: ТҮРКСОЙ қызметінің өткен кезеңдегі қызметі туралы есеп; «Түркістан - Түркі әлемінің мәдени астанасы - 2017» жылындағы іс-шаралар туралы есеп; 2018 жылы түркі әлемінің мәдени және көрнекті тұлғаларының таңдалуы; сондай-ақ 2018-2020 жылдарға арналған ТҮРКСОЙ Мәдениет министрлері тұрақты кеңесінің XXXVI отырысы жөнінде талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша ТҮРКСОЙ 2018 жылға арналған іс-жоспары және отырыстың Декларациясы мен жұмыс хаттамасы бекітілді.Қатысушы мемлекеттер ТҮРКСОЙ аясында көп жақты және екі жақты мәдени байланыстарды одан әрі дамытуға, өзара түсіністік пен құрметтеуді нығайтуға, түрлі ұлттар мен діндердің үйлесімді өмір сүруіне, мәдениеттердің алуан түрлілігін сақтауға, ТҮРКСОЙ-ға мүше мемлекеттердің ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы білімін белсенді таратуға деген тілегін білдірді.

Түркістан қаласындағы ТҮРКСОЙ-ға мүше мемлекеттері Мәдениет министрлерінің кездесуі екі жақты және көп жақты ынтымақтастықты дамыту туралы пікір алмасуға тамаша мүмкіндік берді.

Министрлер мәдени оқиғалардың тұтас кешенін өткізу ТҮРКСОЙ-ға мүше мемлекеттердің өзара түсіністігін кеңейтуге, достық қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға және өзара тиімді ынтымақтастыққа ықпал ететініне сенімді екендіктерін білдірді.

 

Өзгерту: 06.12.2017