Министрліктің жаңалықтары

05.12.2017

Франциялық  театртанушылар Мұхтар Әуезов пьесасы бойынша қойылған қойылымды  қуанышпен қабылдады

4-5 желтоқсан, 2017 жыл. Париж (Франция). Республикалық академиялық Неміс театры Варьете театрында « Қарагөзді » сахналады.

«Мұхтар Әуезовтің классикалық «Қарагөз» туындысына ерекше махаббат, фантазия және талантпен жұмыс атқардық. Осы туындымен Неміс театры Қазақстан мәдениетін әлемдік дәрежеде таныту мәртебесіне ие болды», - Наталья Дубс театр директоры.

Қазақстандық шығармашылық ұжым қазақ және әлем жауһары болып саналатын үздік музыкалық шығарма «Қарагөзді» өзінің көркемдігін сақтап неміс тілінде саханаланды.

Сұлу Қарагөздің Сырым ақынға махаббаты туралы аңыз Наташа Дубс сияқты талантты режиссердің қойлымы арқылы жаңа тартымды сипатқа ие болды. Ол бірінші рет БҰҰ-ның алты тілдерінің бірі неміс тілінде бірінші рет жарыққа шықты. Бұл туындының көркемдігі мен тереңдігін күшейткен берлин хореографы Флориана Бильбаоның дайындаған биі. Спектакіліге ән жазған Германия композиторы Iayrope.

Сыншылардың пікірі бойынша «Қарагөздің» жаңа қойылымы классика жанрын сүйетін көрермен мен жалпы өнерді бағалайтын жұртшылыққа ерекше әсер етті.

«Бұл екі күн мен үшін жаңалыққа толы болды. «Қарагөз» қойылымы өте қызықты болды, себебі ол заманауи сипаттақа ие болып сахналанды. Алдымен актерлердің еңбегін атаған жөн. Олар режиссердің бастамасымен үйлесім тауып рөлдерін үздік деңгейде сомдай білді. Мен көркемдікке жоғары баға беремін. Театрдың болашағы жарқын. Қойылым керемет болды. Драмалық өнер аударманы қажет етпейді, бастысы – көрерменге жеткізуді мақсат етеді» деп атап өтті француз режиссері, театртанушы Давид Чавлис Ассатини.

«Бұл үлкен жетістік аталған спектакль Парижде неміс тілінде сахналанып жатыр. Меніңше ұлы жазушымыз шығарманың неміс тілінде саханаланып көрерменің ыстық ықылысына бөленеді деп ойламаған. Мен өнермізді танытуға келген отандастарымызды көріп ерекше қуанышқа бөлендім» дейді Франциядағы қазақтар ассоциациясының президенті Берлин Еришов.

Басты партияларда театрдың жетекші актерлері: Асель Абакаева, Ирка Абдульманова, Кульбану Ашимова, Дания Абсалямова, Акылхан Алмасов, Бекарыс Боранбаев, Алибек Омирбекулы, Светлана Скобина, Толаганай Талгат, Юлия Тейфель, Дмитрий Хольцманн.

Неміс театры қазақ мәдениетін гастрольдер мен ірі халықаралық фестивальдерде Германия, Голландия, Бельгия, Австрия, Чехия, Ресей, Кореяда және басқа елдерде танытып жүр. Театр қазақстанда тұратын халықтардың мәдениетін де көрсетіп, көрермендер ықыласына бөленіп жатыр.

Еске салайық, Еуропада «Ұлы Дала театры» гастрольдік туры өтіп жатыр. Бұл жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан мәдениетін әлемнің үздік Германия, Франция, Австрия, Бельгия және Ресей сахналарында ұсынылып жатыр.

Өзгерту: 06.12.2017