Министрліктің жаңалықтары

04.12.2017

«Ұлы Дала Театры» Еуропада

3-14 желтоқсан, 2017. Екі еңбегі сіңген ұжым – Қазақконцерт пен Мемлекеттік академиялық неміс драма театры Еуропа елдеріне «Ұлы Дала Театры» атауымен үлкен концерттік турын бастайды.

Бұл Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі жүзеге асырып отырған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының халықаралық мәдени жобаларының бірі. 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласында көрсетілген міндеттер аясында заманауи отандық мәдениетті жаһандық әлемге таныту бойынша ауқымды жобаларға кірісті. 

Қазақстанның танымал ұжымдары Германия, Франция, Австрия, Бельгия және Ресей елдерінде өнер көрсетеді. Еуропаның бес елі бойынша үлкен гастрольдік тур екі аптаға созылады.

«Astana Musical» және Республикалық академиялық неміс театрларының қойылымдары Еуропаның – Берлин, Париж, Вена, Брюссель және Мәскеу ияқты мәдени орталықтарында көрсетіледі.

Алдағы гастрольдік тур Қазақстанның мәдени өміріндегі маңызды оқиға болып табылады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы әлемдік қауымдастықты қазақ халқының дәстүрлі мәдени мұрасымен және Қазақстанның заманауи өнерінің үздік жетістіктерімен таныстырады.

«Қазақконцерт» МКҰ жанынан екі жыл бұрын құрылған «Astana Musical» театры Ұлы Даланың рухани құндылықтарына айналған халық композиторларының туындылары мен дала театры үлгісіндегі «Қыз Жібек» этно-фольклорлық мюзиклін ұсынады.

Неміс театрының труппасы екропалық көрермен назарына неміс тілінде Мұхтар Әуезовтің «Қарагөз» классикалық шығармасының жаңа, инновациялық нұсқасын ұсынады.

Астана Мюзикл театры: 3 желтоқсан, Париж қ., Le Trianon театры, 4 желтоқсан Канны қ., Croisette театры, 8 желтоқсан, Брюссель қ., Brussels 44 Center, 11 желтоқсан Вена қ., театр MuTh, 14 желтоқсан, Мәскеу қ., «Модерн» театры;

Неміс драма театры: 3 желтоқсан, Берлин қ., Русский дом театры, 4 желтоқсан Париж қ., Des Variétés театры, 7 желтоқсан,  Брюссель қ., Brussels 44 Center, 10 желтоқсан Вена қ., Atelier театры, 13 желтоқсан, Мәскеу қ., «Модерн» театры.

Өзгерту: 04.12.2017