Министрліктің жаңалықтары

13.11.2017

Қазақстанда Дулат Исабековтың 75-жылдық мерейтойы аталып өтуде

13 қараша, 2017. М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында танымал қазақ жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері Дулат Исабековтің 75-жылдық мерейтойы аталып өтті. Отандық драматургия шеберінің мерейтойын мерекелеу аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі бірқатар арнайы іс-шараларын өткізді.

Бір жыл бойы арнайы мерейтойлық іс-шаралар елімізде және шетелде түрлі форматтарда ұйымдастырылуда.

Ағымдағы жылдың шілде айында Астанада ЭКСПО-дағы Ұлыбританияның Ұлттық павильонында жазушының ағылшын тілінде жарық көрген шығармалар жинағының тұсаукесері өтті. Тұсаукесер рәсіміне Қазақстанның зиялы қауым өкілдері және жазушының кітабын ағылшын тіліне аударуға белсенді қатысқан Ұлыбританияның өнер қайраткерлері, Рахима Абдувалиева, Сара Памела и Давид Папава қатысты.

Осы жылдың қазан айында ҚР Мәдениет және спорт Министрлігі мен Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігінің қолдауымен Лондонда жазушының мерейтойына арналған театр фестивалі өтті. Фестивальға Дулат Исабековтің «Жаужүрек» және «Актриса» қойылымдарын М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры, Мемлекеттік республикалық корей музыкалық комедия театры сәтті көрсетті.

Мерейтойлық шаралар қатарын 17 қараша күні Қ.Қожамияров атындағы Мемлекеттік республикалық ұйғыр музыкалық комедия театры Шымкент қаласында «Мұрагерлер» қойылымының тұсаукесерімен жалғастырмақ.

Министрліктің тапсырмасы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы сцераний авторы жазушы-драматург Дулат Исабеков болып табылатын «Балуан Шолақ» фильмінің түсірілімін бастады.

Дулат Исабеков – танымал қазақ жазушысы, драматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Халықаралық ПЕН клуб, Платиналы «Тарлан» сыйлықтарының лауреаты. 2012 жылы Алматыда Дулат Исабековтың 70 жылдығына арналған «Исабеков Әлемі» Халықаралық театр фестивалі өтті. Фестивальге драматург Д.Исабековтың пьесалары бойынша сахналанған қойылымдармен 12 театр ұжымы, оның ішінде алты алыс-жақын шет елдердің және алты қазақстандық театр ұжымдары қатысты. 2014 жылы Лондонда оның «Өкпек жолаушы» атты туындысы сахналанды. Сондай-ақ, Министрліктің «Әлеуметтік маңызы бар әдебиеттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша Дулат Исабековтің «Таңдамалы шығармалары» жарық көрді.

Өзгерту: 13.11.2017