Министрліктің жаңалықтары

11.11.2017

«Астана Балет» театрының күзгі гастрольдері жалғасуда

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында, 11-қарашада «Астана Балет» театрының труппасы Брюссельде (Бельгия) өнер көрсетеді. Шығармашылық ұжымна зор жауапкершілік артылып отыр. Әлемдік қауымдастық алдында олар өздерінің орындаушылық деңгейін паш етіп, еліміздің хореография өнерінің заманауи және ұлттық үлгілерін көрсетуі тиіс.

Бельгиялық көрерменге «Астана Балет» театрының алуан-түрлі бағдарламасы тарту етілмек: халқымыздың мәдениеті пластика тілімен жеткізілген «Ұлы Дала мұрасы» концерттік бағдарламасы, «Love Fear Loss», «A fuego lento» бір актілі балеттері мен «Клеопатра» балетінен үзінді.

«Ұлы Дала мұрасы» бағдарламасына енген хореографиялық миниатюралар мен балет үзінділерінің ұлттық бояуы қанық. Балық композициялық ұлттық дәстүрге бай, сан-қырлы әрі эмоциялық қуаты басым. Ғажап музыка мен қайталанбас көркемдік бейнелер жадыңызда мәңгі сақталып қалары анық. «Ұлы Дала мұрасы» бағдарламасы заманауи ұлттық балетті жарқын, екпінді дамып жатқан әрі бірегей құбылыс ретінде тануға мүмкіндік береді.

«Love Fear Loss» (Эдит Пиаф репертуарындағы әндер тақырыбына жазылған музыка, хореограф Рикардо Амаранте) – Эдит Пиафтың ғажайып өмірі мен оның әндерінен нәр алған. Бұл әндерінде әйгілі әншінің түрлі ер азаматтармен қарым-қатынасы көрініс тапқан. Ал, бәрінің басын қоссаң махаббат ұранына айналып, әлемді табындырған ән-шашу. Балеттің әрбір дуэті іңкәр сезім, махаббат, айырылып қалу қаупі мен бойыңдағы үрей сезімін әспеттейді.

«A fuego lento» атты келесі балет, асыл махаббат сезіміне алғаш еліткен тұста бойыңызды кернеген эмоциялық қуат пен алаңдаушылық сезімін сөз етеді. Тәніңіз ерекше күйге түсіп, шаттық сезіміне бөленесіз, ал, ішкі жалын бойыңызды өртеп әкетеді. Ғашық жан үшін күллі әлем сүйіктісінің айналасына тоғысқандай көрінеді, ал, өмірдің мәні тек махаббат деп біледі(музыка - Лало Шифрин, Астор Пьяццолла, Карлос Гардель, Хореограф – Рикардо Амаранте).

Сонымен қатар, көрермен назарына «Клеопатра» балетінің үзіндісі тарту етіледі (Музыка – Морис Равель, хореограф – Николай Маркелов). Бұл Мысыр патшайымының көпшілікке беймәлім кезеңін, яки, сіңілісі Арсиноямен тақ үшін күреске түскен шағын баяндайды. Клеопатра мен Арсиноя тағдыр тәңіриясы, адам өмірінің әміршісі Лахесистің назарын өзіне аудартпақшы. Себебі, Лахесистің қолында Клеопатра мен Арсинояның мазасын алған биліктің кілті тұр.

Репертуарының алуан-түрлілігі, орындаушылық деңгейі мен спектакльдердің сахналық безендірілуі арқасында «Астана Балет» театрының шығармашылығы елімізде ғана емес, дүниежүзінде де ерекше қошеметке ие.

Молодой коллектив стремится найти собственный оригинальный почерк, обрести неповторимое творческое лицо, сохранить все лучшее из классического наследия и обогатить пластический язык яркими, запоминающимися новациями. Естеріңізге сала кетейік, «Астана Балет» театры Мәскеу мен Санкт-Петербор (Ресей), Бейжің (Қытай), Париж (Франция), Вена (Австрия), Сеул (Корея), Будапешт (Мажарстан), Баку (Әзірбайжан), Нью-Йорк (АҚШ), Токио (Жапония), Варшава (Польша) қалаларының әлемге әйгілі сахналарында өнер көрсеткен. Жас ұжым үнемі ізденіс үстінде. Өзінің қайталанбас қолтаңбасын тауып, бірегей шығармашылық бейнесін қалыптастырып, классикалық мұраның үздік үлгілерін сақтай отырып, пластика тілін жарқын, есте қаларлық жаңашылдықпен толықтыра түсу – мақсат-мұраты.

Өзгерту: 13.11.2017