Министрліктің жаңалықтары

11.10.2017

Астанада тректегі велоспорт бойынша Ұлттық чемпионаты өтті

Астанада тректегі велоспорт бойынша Ұлттық чемпионаты өтті

5-ші мен 10-шы қазан аралығында Астанада «Сарыарка» Республикаалық велотрегінде велосипед спорты бойынша Ұлттық чемпионаты өтті. Ұлттық біріншілікке Қазақстанның түпкір-түпкірінен келген 177 ең мықты велосипедшілер қатысты, олардың ішінде Олимпия ойындарының қатысушысы, Әлем кубогының қола жүлдегері Артем Захаров, сондай-ақ Алишер Жұмақан, Сергей Шатовкин, Роман Василенков, Павел Воржев, Заки Султанов және Сергей Пономарев. Өткен айда олар Ашхабад қаласында өткен V Азия ойындарында ұлттық құрама командасының құрамында Республикамыздың намысын қорғап, алты жүлделі медальмен оралғанын еске саламыз.

Ұлттық чемпионатта жарысушылар мынадай тәртіптер бойынша чемпион атағы үшін сайысқа түсті: шығып қалу шартымен топтық жарыс, ұпайлар бойынша топтық жарыс, жеке қудалау жарысы, командалық қудалау жарысы, спринт, командалық спринт, скретч, кейрин, мэдисон және гит. Ұлттық біріншілік қорытындысы бойынша келесі жылдағы ұлттық құрама командаларының құрамы белгіленетін болады, ал чемпионатта алынған ұпайлар Халықаралық велосипедшілер одағының рейтингі (UCI) есебіне жазылады.

«Велосипед спорты – қазақтанда ең табысты дамып жатқан спорт түрлерінің бірі, - деп  атап өтті Қазақстан велосипед спорты федерациясының бас хатшысы Тұлпар Мансұров. – Және бұл шоссеге ғана емес, трекке де қатысты. Астанада өткен ұлттық біріншілікке қатысушылар саны өткен жылдармен салыстырғанда едәуір ұлғайған, демек, спортшылар арасында тректегі  велоспортқа деген қызығушылығы да артуда деп айтуға болады.   Және бұл да әбден заңға сай- тректегі велоспорт Олимпия ойындарының бағдарламасына кіретін көптеген тәртіптермен көрсетілген, спортшылар тректе жақсы перспективалар бар екенін түсінеді. Ұлттық чемпионатта жарысшылардың өзін бірден 10 тәртіп түрлерінде көрсету мүмкіндігі болды, медальдардың 20 жинағы жарысқа салынды.

Чемпионаттың нәтижелері спортшыларды даярлау деңгейі айтарлықтай өскенін көрсетті. Маңызды халықаралық жарыстарды жетістіктерге жеткен тәжірибелі жарысушыларға қарсы шығатын жас, дарынды жарысушылардың жаңа буыны жетілді.

Спринтерлік түрлерде де оң серпіні байқалады: чемпионаттың жеңіске үмітерлері арасындағы бәсекелестік жаңа деңгейге шықты. Мысалы, Заки Сұлтанов жақында өткен V Азия ойындарында кейринде жеңіп шыққан Павел Воржевты басып озып, кейринде бірінші орынға ие болды.

Чемпионат қатысушылары арасында әйелдер саны ұлғайғаны қуантады, бұл велоспорттың дамуындағы жақсы перспективаларды көрсетеді».

Чемпионаттың бірінші күні әйелдер мен ерлер шығып қалу шартымен топтық жарысқа қатысты:

  1. Роман Василенков (Қарағанды облысы)
  2. Артем Захаров (Солтүстік Қазақстан облысы)
  3. Сергей Шатовкин (Қарағанды облысы)
  1. Татьяна Заднепрянова (Қарағанды облысы)
  2. Наталья Сайфутдиновая (Солтүстік Қазақстан облысы)
  3. Махаббат Үмүтжанова (Солтүстік Қазақстан облысы)

Екінші күні жарысушылар жеке қудалау жарысында сайысқа түсті – ерлер үшін 4 километр  және әйелдер үшін 3 километр:

  1. Алишер Жұмақан (Алматы қ.)
  2. Артем Захаров (Солтүстік Қазақстан облысы)
  3. Никита Панасенко (Алматы облысы)
  1. Амилия Исқақова ( Астана қ.)
  2. Рината Ахметча (Павлодар облысы)
  3. Фаина Потапова (Алматы облысы)

         Командалық қудалау жарысында ерлер арасында қызылорда спортшылары, ал әйелдер арасында – Алматы облысының жарысушылары алға шықты:

  1. Мади Азен, Ғабиден Азен, Асылхан Тұрар, Роберт Ғайнеев (Қызылорда облысы)
  2. Иоган Штейн, Дмитрий Лесечко, Иван Зайцев, Вадим Пронский (Астана қ.)
  3. Сергей Лущенко, Антон Лаврентьев, Ислам Усманов, Алишер Жұмақан (Алматы облысы)
  1. Светлана Пащенко, Вероника Мырксина, Татьяна Богданова, Фаина Потапова (Алматы облысы)
  2. Анель Айзахметова, Айжан Сақтағанова, Амилия Исқақова, Вероника Брагинец ( Астана қ.)
  3. Лолита Лукьянова, Дарья Гончарова, Диана Гарифьянова, Рината Ахметча (Павлодар облысы)

Ұлттық чемпионаттың бағдарламасына кірген тоғыз тәртіптердің бірі кейрин жарысы болды:

  1. Заки Сұлтанов (Павлодар облысы)
  2. Сергей Пономарев (Алматы облысы)
  3. Павел Воржев (Қарағанды облысы)
  1. Анастасия Шаповалова (Алматы облысы)
  2. Татьяна Заднепрянова (Қарағанды облысы)
  3. Вероника Мырксина (Алматы облысы)

Ұпайлар бойынша топтық жарыста ерлер 160 айналымды, әйелдер – 100 айналымды өтті.

  1. Артем Захаров (Солтүстік Қазақстан облысы)
  2. Никита Панасенко (Алматы облысы)
  3. Сергей Шатовкин (Қарағанды облысы)
  1. Жанерке Санақбаева (Қарағанды облысы)
  2. Светлана Пащенко (Алматы облысы)
  3. Татьяна Заднепрянова (Қарағанды облысы)

Ұлттық біріншіліктің соңғыдан бұрынғы күні жарсушылар скретч жарысында өз күшін сынады (әйелдер үшін 15 километров және әйелдер үшін 10 километров):

  1. Роман Василенков (Қарағанды облысы)
  2. Никита Панасенко (Алматы облысы)
  3. Артем Захаров (Солтүстік Қазақстан облысы)
  1. Жанерке Санакбаева (Қарағанды облысы)
  2. Махаббат Үмүтжанова (Солтүстік Қазақстан облысы)
  3. Светлана Пащенко (Алматы облысы)

Сол күні спринттегі ең озық жарсысушылардың аттары белгіленді:

  1. Павел Воржев (Қарағанды облысы)
  2. Сергей Пономарев (Алматы облысы)
  3. Заки Сұлтанов (Павлодар облысы)
  1. Анастасия Шаповалова (Алматы облысы)
  2. Татьяна Заднепрянова (Қарағанды облысы)
  3. Айжан Сактағанова ( Астана қ.)

Жарыстардың ақырғы күні чемпионат қатысушылары мэдисон жарысында жеңіс үшін сайысқа түсті ерелер үшін 200 айналым, әйелдер үшін 120 айналым:

  1. Сергей Шатовкин, Роман Василенков (Қарағанды облысы область)
  2. Ғабиден Азен, Роберт Ғайнеев (Қызылорда облысы)
  3. Никита Панасенко, Глеб Брусенский (Алматы облысы)
  1. Вероника Мырксина, Светлана Пащенко (Алматы облысы)
  2. Татьяна Заднепрянова, Жанерке Санақбаева (Қарағанды облысы)
  3. Анжела Соловьева, Татьяна Богданова (Алматы облысы)

Ұлттық чемпионаттың қорытынды жарысы гита жарысы болды - ерлер арасында 1000 метрге әйелдер арасында 500 метрге:

  1. Сергей Пономарев (Алматы облысы)
  2. Максим Налетов (Алматы облысы)
  3. Кирилл Рудер (Қарағанды облысы)
  1. Анастасия Шаповалова (Алматы облысы)
  2. Айжан Сақтағанова (Астана қ.)
  3. Анель Айзахметова (Астана қ.)
Өзгерту: 11.10.2017