Министрліктің жаңалықтары

11.08.2017

Қазақстанның Оңтүстік және Батыс облыстарында кастинг өтеді

«Қазақфильм» киностудиясының екі бірдей ауқымды жобалары – «Елбасы жолы. Бейбітшілік кіндігі» («Путь Лидера. В эпицентре мира») және «Тұмар патшайым» атты тарихи туындыларына кастинг әлі де жалғасып жатыр. Енді Қазақстанның Оңтүстік және Батыс облыстарының тұрғындары  өз бағын сынап,  кино жұлдызына айналуына мүмкіндіктері бар. Кастингке 16 жастан жоғары барлық қазақстандық қатыса алады.

Естеріңізге сала кетсек, үстіміздегі жылдың маусым айында жұмыс атауы «Елбасы жолы. Бейбітшілік кіндігі» және «Тұмар патшайым» атты киножобаларға актерлер арасында республикалық кастинг жарияланған болатын.

Бұл фильмдерді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Sataifilm» кинокомпаниясымен бірлесіп түсіргелі отыр. Қоюшы режиссері Ақан Сатаев.


Айта кетсек, аталған фильмдерге кастинг Қазақстанның шығыс өңірлерінде – Семей, Павлодар, Өскемен қалаларында өткізілген болатын. Жақын күндері кастинг төмендегі қалаларда өткізілетін болады:

Қостанай қаласында – 14 және 15 тамызда, І.Омаров атындағы облыстық  қазақ драма театрында (Таран көш., 144).

Ақтөбе қаласында – 17 және 18 тамызда, Т.Ақтанов атындағы қазақ драма театрында (Т.Ақтанов көш., 52).

Орал қаласында – 20 және 21 тамызда, Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры (Достық даңғ., 185).

Атырау қаласында – 23 және 24 тамызда, Н.Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясы (М.Өтемісов көш., 115).

Ақтау қаласында – 26 және 27 тамызда, М.Өскенбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы (5 ықшам-ауданы, 30 үй).

Қызылорда қаласы – 29 және 30 тамызда, А.Тоқмағанбетов атындағы Мәдениет үйі (Қазыбек би көш., 21).

Тараз қаласы  – 1 және 2 қыркүйек, Жамбыл облыстық қазақ драма театры (Абай даңғ., 115).

Шымкент қаласы – 4, 5 және 6 қыркүйек, Ж.Шанин атындағы облыстық қазақ драма театры («Нұрсат» ықшамауданы, Астана даңғ.).

Театр және кино актерлері бірінші болып қабылданады. Кастингке қатысам деушілер көрсетілген мекен-жайға сағат 9:00-18:00 аралығында келуі тиіс (13:00-14:00 үзіліс).

Қойылатын талаптар:

Жасы: 16 жастан жоғары ( 16 жасқа дейінгі балалар және кастингке келіп қатыса алмайтындар, casting_satai@mail.ru  электронды поштаға келесі ақпараттарды жолдай алады: 1. Жақыннан (анфас және профиль), белге дейін және басынан аяғына дейін түсірілген бет бояусыз, көзілдіріксіз және өңделмеген фотосуреттерді; 2. Туған жылыңыз бен тұратын қалаңыз, бойыңыз бен салмағыңыз, ұлтыңыз бен біліміңіз, жұмыс орны мен мамандығыңыз туралы, сонымен қатар, қандай спорт түрімен айналысатыныңыз, кинодағы тәжірибиеңіз (сериалдар мен бейнеклиптер), музыкалық немесе би өнеріңіз туралы ақпараты бар анкетаны толтырасыз.

Назар аударыңыз! Өзіңізбен байланысу үшін телефон нөміріңізді жазып жіберуіңіз керек.

Ұлты: барлық ұлттар. Спорттық дене бітімді, жасыл немесе көз көзді, шаштары сарғыш адамдарды қуана қарсы аламыз!

Құрметті әйелдер қауымы! Кастингке бет бояусыз және жасанды кірпіксіз келулеріңізді сұраймыз. Татуажы бар қыз-келіншектер кастингке қатыса алмайды!  Алматы қаласында жоғарыда айтылған киножобалардың кастингі келесі мекен-жайы бойынша өтуде: Әл-Фараби даңғ., 176, «Қазақфильм» киностудиясы, «Двухпавильонник» ғимараты, үшінші қабат.

Өзгерту: 12.08.2017