Министрліктің жаңалықтары

09.08.2017

Павлодарда жасөспірімдер мен қыздар арасында шаңғы жарысынан Қазақстанның жазғы чемпионаты өтеді

Павлодарда жасөспірімдер мен қыздар арасында шаңғы жарысынан Қазақстанның жазғы чемпионаты өтеді

10 тамызда Павлодарда жасөспірімдер мен қыздар арасында шаңғы жарысынан Қазақстан Республикасының жазғы чемпионаты өтеді. Жарысқа Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларының жас шаңғышылары қатысады деп күтілуде.

Алдымыздағы бейсенбі күні Павлодарда жасөспірімдер мен қыздар арасында шаңғы жарысынан Қазақстан Республикасының жазғы чемпионаты басталады.

Дәстүрлі түрде өткізілетін жазғы жарыстардың мақсаты шаңғы спортын насихаттау, спортшыларды шаңғы жарысымен айналысуға ынталандыру.

15 тамызға дейін 12 мен 18 жас аралығындағы спортшы жасөспірімдер мен қыздар жарыстарға қатысып, 2-ден 10 шақырымға дейінгі әр түрлі қашықтықтарды бағындырмақ.

Алдағы жарыстың бас төрешісі – шаңғы жарысынан Павлодар облысы құрамасының бас жаттықтырушысы, спорт шебері Евгений Кисляков. Жарысқа қатысу туралы өтінімдер 9 тамызға дейін қабылданады.

Өткізілетін орны: Павлодар, «Жасыл тоғай», «Усолка».

Өзгерту: 09.08.2017