Министрліктің жаңалықтары

16.07.2017

Мәдениет және спорт министрі Владимир Толоконниковтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Мәдениет және спорт министрі Владимир Толоконниковтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

16 шілде, 2017. Өткен сенбі күні барша мәдениет әлемін танымал кино және театр актері Владимир Толоконниковтың қайтыс болуы туралы жаңалық дүр сілкіндірді. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы актердің туыстары мен жақындарына көңіл айтты.  

«Владимир Алексеевич М.Ю.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында 40 жылдан аса қызмет етті. Ол Михаил Булгаковтың пьесасы бойынша түсірілген «Собачье сердце» фильмінде Шариковтың рөлін ойнап көпшілікке танымал болды» - деді министр.

Еске сала кетсек,  Владимир Толоконников 1943 жылы 25 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. ҚазКСРО-ның еңбек сіңірген әртісі. 1973 жылы Ярославль театр училищесінің актерлік факультетін аяқтады. Сондай-ақ П.В.Точилиннің «Хоттабыч» фильмінде басты рөлді ойнады, онда актер интернет-мәдениетпен бетпе-бет келген қазіргі заманның джині болады. Хоттабыч рөлі үшін «MTV-2007» киножүлдесінің номинациясын жеңіп алды. Толоконников 60-тан астам фильм мен сериалға түскен. Соңғы жылдары Алматыдағы Лермонтов атындағы республикалық академиялық орыс драма театрында жұмыс істеп, онымен бір мезгілде киноға түсіп жүрді.

Өзгерту: 17.07.2017