Министрліктің жаңалықтары

14.07.2017

«Арт дала: уақыт пен кеңістіктегі диалог»

Астанада ҚР Ұлттық музейде «Арт Дала: уақыт пен кеңістіктегі диалог» атты Халықаралық кескіндеме және графика көрмесі ЭКСПО мәдени бағдарлама аясында Мәдениет және спорт министрлігінің, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының қолдауымен және бастамасымен өткізілетін көрме ашылды.

Көрмеде он елдің отыз үш суретшілерінің уақыт белгісі болып саналатын жүз туындылары көрсетілген. Жасына қарамастан, олар біздің елімізде және шетелде танылған жетілген шеберлер.

Авторлардың тақырыптарының, сюжеттерінің, стильдерінің және кескіндеме бағыттарының, сондай-ақ географияларының диапазоны кең және әр алуан. Көрменің «Арт Дала:   уақыт пен кеңістіктегі диалогтар» атауы кездейсоқ емес. Оның басты идеясы – заманауи отандық кескіндеме дауысының полифониясын, олардың шетелдік дискурстармен үндестігін таныту.

Осы ауқымды көрмеде қазақстандық кескіндемедегі ең жақсы, маңызды танымал есімдер - отанымыздың қалыптасқан шеберлері және олардың бағдарламалық шығармалары көрсетілген. Көрмеге осы жерде және қазір тұратын еліміздің ең қызықты кескіндемешілері мен графиктері ұсынылған. Олар - Ғани Баянов, Асқар Есдәулетов, Марат Бекеев, Шамиль Гулиев, Андрей Нода, Владимир Григорьян, Вячеслав Люй-Ко, Евгений Фридлин, Алексей Уткин, Нұрлан Бажиров, Асемқұл Бейбіт, Татьяна Баринова, Жанат Кошен, Нұржан Сауытбеков және ең жас қатысушысы - Марьям Ералиева.

Заманауи кескіндеме көрмесіне кең көзқарас оның халықаралық кураторлар құрамымен негізделген: Батурина Ольга (өнертану ғылымдарының кандидаты, п Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры. Алматы), Акилбекова Анжелика (Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ директордың орынбасары. Алматы) және Грачева Светлана (өнертану ғылымдарының докторы, Е.Репин атындағы Санкт-Петербург Мемлекеттік академиялық кескіндеме, мүсін және сәулет институтының "Өнертану"факультетінң деканы. Санкт-Петрбург).

Санкт-Петербург заманауи суретшілерінің жауһарлары қазақстандық көрермендерді өздерінің шығармашылығымен алғаш рет таныстырады. Олар - Клим Ли (Ресей Көркемөнер Академиясының Құрметті академигі, РФ еңбек сіңірген суретшісі), Александр Чувин (Ресей Көркемөнер Академиясының академигі, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген суретшісі), Хамид Савкуев, Константин мен Екатерина Грачевтар, Никита Фомин, Олег Михайлов.

Көрмеге басқа елдердің суретшілерінің туындылары да қойылған: АҚШ – Роза Алелашвили, Италия –Кармине Барбаро, Украина - Андрей Копчак, Грузия - Русудан Хизанишвили, Өзбекстан - Сардор Аллабергенов және Анвар Бахтеев (Өзбекстан Көркемөнер академиясының корреспондент-мүшесі), , Түрікменстан – Ованезмухамед Маметнуров (Түрікменстан Халық суретшісі), Қырғызстан – Джылдызбек Молдахматов (ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері), Әзірбайжан - Елена Ахвердиева.

Көрермендер әртүрлі буындағы, әртүрлі мектеп, бейбітшілікке әртүрлі көзқарасты, бірақ басты ұстанымы –жоғары кәсіби деңгейімен біріккен суретшілердің туындыларын көреді. Кескіндемелік туындылары ұсынылған көрмеде біздің әлемді дәл көрсететін ең үздік шығармашылық жұмыстар жиналған. Бұл көптеген мағыналарды ашатын, біздің заманның әртүрлі қырларын білдіретін, адам мен табиғаттың жаңа образдарын туындайтын, ішкі жан мен сыртқы дүниені, заманауи мен дәстүрлікті, жұмбақ пен үйреншіктіні, айқын мен жасырынды, прозалық пен поэтикалықты байланыстыратын кескіндеме.

Көрермендер шексіз, жасампаздық жігерге толы, мәдени кодтары мен ұлттық сана-сезімінің архетиптары сақталып жалғасатын, әдеттегі образдарды өзгертіп, жаңа мағынылырға толтырылатын біздің ұлттық мәдениет ғарышты көреді. Бұл ғарыш – «Арт Дала: уақыт пен кеңістіктегі диалогтар» атты көрме.

Көрме 2017 жылғы 10 қыркүйекке дейін өткізіледі.

 

Өзгерту: 14.07.2017