Министрліктің жаңалықтары

16.06.2017

А. Мұхамедиұлы: «Біз заңнамалық базаны жетілдірдік»

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы халық алдында есеп берді. Оның есебіне сәйкес, ведомства атқарған жұмыстар аз емес. Ең алдымен, мәдениет және спорт саласының заңнамалық негізіне елеулі өзгерістер енгізілді. 

Алғаш рет театрлар қызметінде заңнамалық деңгейде бірыңғай репертуарлық саясат жүргізу бекітілді. Өткен жылдан бастап, репертуар көкейкестілігі, олардың жас өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі патриоттық рөлі, тарихи оқиғаларды түсіндірудің дұрыстығы салалық Көркемдік кеңес талқылауына ұсынылады. Олар репертуарды жаңартуңа байланысты өз ұсыныстарын береді. 

Министр атап өткендей, республикалық театрлар жылына 2 мыңнан астам қойылым көрсетеді. Жыл сайынғы көрермендер саны 2,5 миллионға дейін жетеді. Залдардың толтырылуы – 80 пайыз.  

Келесі маңызды қадам – Министрлік құзыретіне мәдениет және өнер саласы мамандарын дайындауға мемлекеттік білім беру тапсырысының берілуі. Министрліктің құзыретінде 10 шығармашылық оқу орындары бар. Мамандарды даярлау «мектептен үлкен сахнаға дейін» үздіксіз дуалдық оқытуға негізделген.

«Қазіргі таңда шығармашылық жоғарғы оқу орындарында 8 000 аса адам білім алып жатса, олардың басым көпшілігі республикалық және халықаралық конкурстар, фестивальдердің лауреаттары мен жеңімпаздары, театралдық және концерттік қойылымдар мен кино қатысушылары. Яғни, оқу процесі мен өндірістің толық үйлесімділігі қамтамасыз етілген» - деп атап өтті ведомства басшысы.

Заңнамалық өзгертулер әлеуметтік маңызды әдебиетті шығару мен сатып алуды қамтыды. «Алғаш рет заңнамалық негізде авторлық қаламақы төлеу мәселесі шешілді. Ол үшін Министрлік жанынан туындыларды іріктеу бойынша Сарапшылар комиссиясы құрылады. Жалпы алғанда, тақырыптық жоспарға сәйкес, 2016 жылы еліміздің кітапханаларына 507 мыңнан данамен 254 кітап шығарылып, таратылды» - деп атап өтті министр.  

Қабылданған «Лотерея және лотерея қызметі туралы» заң арқасында лотереяларды тарату мәселесін шешуге мүмкіндіктуды. Осы жылдың басынан бастап, Үкімет шешіміне сәйкес, бірыңғай оператор белгіленді, бұл әлеуметтік саланы қолдауға ірі бизнесті тартудың алғашқы тәжірибесі.  

Сондай-ақ, бұқаралық спортты қолдау мақсатында «Дене тәрбиесі және спорт туралы» Заңға күрделі өзгерістер енгізілді, атап айтқанда ең көп таралған, көпшілік әсіресе, ауылдық аймақтардағы спорттты тең қаржыландыру бойынша талаптар қабылданды.

Келесі бастама бұл, «Кинематография туралы» Заңы жобасын әзірлеу. Киноны қолдау қорын, киноөндірісті іріктеу және қаржыландыру, киноқызметін есепке алу жүйесін енгізу бойынша Сарапшылық кеңестер құру бойынша ұсыныстар берілді.  Киноөндірушілер үшін салық және кеден жеңілдіктерімен «Қазақфильм» аумағында арнайы экономикалық аймақ құру нақты шаралардың бірі.

Арыстанбек Мұхамедиұлы атап өткендей, ұсынылатын шаралардың мақсаты біреу – киноөндірістегі ұлттық кино үлесін көбейту, оны әлемдік нарыққа шығару. 

Өзгерту: 16.06.2017