Министрліктің жаңалықтары

21.04.2017

Асқар Баталов ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды

Асқар Баталов ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды

21 сәуір, 2017. ҚР Үкіметінің Қаулысымен Асқар Болатұлы Баталов Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды.

Асқар Болатұлы Баталов – Алматы сәулет-құрылыс институты, Мәскеу инновация менеджменті академиясының түлегі.

Түрлі жылдары ҚР Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінің бас менеджері, «Қазинвест» Қазақстандық инвестицияларды қолдау орталығының директоры, «Қазинвест» ЖАҚ президенті, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда вице-министрі, Қазақстан Республикасы Энергетика және миниралды ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы, «Каzoilenergy» ЖШС бас директоры, «Кен-Сары» ЖШС бас директоры қызметтерін атқарды.

2012 жылдан 2014 жылға дейін Мәскеу қаласындағы Еуразия экономикалық комиссиясының көлік және инфрақұрылым департаментінің директоры қызметін атқарды. 2014 жылдан Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалуға дейін «КаzОilЕnergy» ЖШС Бақылау кеңесі төрағасы ретінде еңбек етті.

Асқар Баталов туризм саласын дамыту, сонымен қатар тілдердің дамуы мен қоғамдық-саяси жұмыс мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

Өзгерту: 21.04.2017