Жаңалықтар

09.06.2017

Қытайдың бірінші императорының терракота әскерлері Астанада (Астана, 2017 ж. 9 маусым)

Қытайдың бірінші императорының терракота әскерлері Астанада (Астана, 2017 ж. 9 маусым)

9 маусым, 2017. Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Император Цинь Шихуандидің Терракота әскері көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

Қазақстан халқының назарына тұңғыш рет әлемдік мәдениет жауһары саналатын император Цинь Шихуандидің терракота әскерінің жауынгерлері ұсынылады.

Көрме мақсаты келушілерді біздің эрамызға дейінгі 2010-2009 жылдары дайындалған және 1987 жылы ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұралар тізіміне кіргізілген әлемдік өнер жауһары – Цинь династиясының терракота мүсіндерімен таныстыру.

«Терракота әскері» - Сиань қаласындағы Цинь Шихуанди императордың кесенесі жанындағы 8099 қытай жауынгерінің және олардың аттарының өлшемі сақталған мүсіндері қабірінің атауы.

Мүсіндерді 1974 жылы жергілікті шаруалар Лишань тауының шығыс жағынан артезиан ұңғымасын қазып жатқан кезде тапқан.

Тарихи деректер бойынша, Цинь Шихуанди таққа отырғаннан бір жылдан кейін ж.с.д. 246 жылы өзінің мазарын сала бастайды. Оның ойы бойынша мүсіндер оған ана өмірде серік болып жүруі тиіс.

Саздан жасалған әскер император мазарының шығысында параллель табыттарда 1,5 км бойы сапқа тізіліп қойылған.

Жауынгерлердің мүсіндері өнер туындысы болып табылады. Өйткені, олардың әрқайсысы жеке-жеке тәртіппен әртүрлі тәсілдерді қолдану арқылы қолдан жасалған. Әрбір жеке мүсіннің кескіні, тіпті бет келбеттері де қайталанбайды.

«Бүгін біз адамзат мәдениетінде өзіндік орыны бар ерекше көрменің ашылуына келіп отырмыз. Барлықтарыңызға белгілі Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы тату көршілер. Екі елдің тарихи байланысы тым әріден басталады. Император Цинь Шихуандидің «Терракота әскері» деп аталатын көрме музей қонақтары тарапынан үлкен қызығушылық тудырары сөзсіз. Бүгінгі көрмедегі туындылар тым көне дәуірде жасалған, тарихилығымен ерекше. Сонымен қатар әрбір мүсіннің бір-бірін қайталамас даралығы мен өзіндік пішіні сол кездегі шеберлердің асқан таланты мен өлшеусіз еңбегінің нәтижесі екендігі даусыз» - деп атап өтті Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова.  

Көрмеге 50-ге жуық археологиялық бұйымдар қойылды. Бұлар: әскерлердің мүсіндері, қару-жарақтар, жабынқыштар, ыдыс-аяқтар, алтын және күміс әшекейлер.

Көрме 2017 жылдың 10 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Өзгерту: 29.07.2017