Жаңалықтар

21.07.2017

Атақты маэстро Алан Бөрібаевтың жетекшілігімен Густав Малердің №8 Симфониясы (Астана, 2017 ж. 21 шілде)

Атақты маэстро Алан Бөрібаевтың жетекшілігімен Густав Малердің №8 Симфониясы (Астана, 2017 ж. 21 шілде)

Ұлы Дала Еліндегі Ұлы Музыка

Атақты маэстро Алан Бөрібаевтың жетекшілігімен Густав Малердің №8 Симфониясының орасан зор қазақстандық тұсаукесері 21 шілде күні «Астана Опера» МОБТ-да өтеді. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ауқымды жобасы «ЭКСПО-2017» мәдени бағдарламасы аясында орын алмақ.

Концертке 1200 музыкант қатыспақ, оның ішінде вокалистер – «Астана Операның» жетекші солистері Салтанат Ахметова, Жұпар Ғабдуллина, Айгүл Ниязова, Нұрлан Бекмұхамбетов, Татьяна Вицинская, сонымен қатар Абай атындағы МАОБТ жетекші солистері Оксана Давыденко, Олег Татамиров, Таир Тажигулов бар.

«Астана Операның» бас дирижері Алан Бөрібаев Қазақстанның әр жерінен барлық жетекші хор және симфониялық ұжымдарды, сонымен қатар генуялық Карло Феличе опера театрының хоры мен оркестрінің басын қосып, тұсаукесерге дайындық бойынша күрделі жұмысты жасады, ол барлық ұжымды ел жүрегі – Астанада бірыңғай үйлесімге келтіре алды. Италиялық музыканттар Қазақстанға келгендеріне әрі Г.Малердің №8 Симфониясының тұсаукесері сынды маңызды оқиғаның бір бөлігі болғандарына риза екендігін атап өтуде.

- Біз шығармашылық достығымыздың үлкен, әдемі фестивалін жасай алдық. Қазақстанның әр аймағында классикалық өнерге деген махаббаттың бар екенін көрсеткіміз келді. Бәріміз бірге әлемдегі ең күрделі симфониялардың бірі – ауқымды симфонияны жасаудамыз, осылайша еліміздегі өнердің жоғары деңгейін танытсақ деп едік. Музыкалық жақындық, бір-бірімізге деген махаббат идеясы дайындық кезеңде көрініс беруде. Бұл тек музыканы орындау емес, сонымен бірге асқан адами бақыттың сәті, - деп бөлісті Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алан Бөрібаев.

- Миландағы «ЭКСПО-2015» көрмесін өткізу кезінде Генуя театры Л. Ван Бетховеннің №9 Симфониясын орындаған, ол жерде бізбен бірге «Астана Опера» театрының 4 солисі өнер көрсеткен еді. Екі жыл өткен соң біз сіздерге келіп қалдық, біздің де өнер көрсетуіміз «ЭКСПО-2017» аясында болмақ. Бұл музыка мен өнердің бірлік, достық, бауырластық аспабы ретіндегі нышаны деп білемін. Театрларымыз құрылымы жағынан ұқсас, тығыз байланыста жұмыс жасауда. Симфонияны орындау үшін театрымыздың 70 хор әртісі мен концертмейстері, оркестр музыканттары келді. Бәрі ойдағыдай болады деп сенемін, - деді Карло Феличе театрының жетекшісі Джузеппе Акуавива.

«Астана Опера», Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрларының симфониялық оркестрі мен хорлары, Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы және Жамбыл атындағы филармонияның ҚР Академиялық симфониялық оркестрі және «Солистер академиясы» мемлекеттік камералық оркестрі сынды танымал ұжымдармен қатар, осы жобаға жас әртістер де қатысады. Олардың ішінде – халық әртістері, ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан облысыөнер училищесінің (Өскемен қаласы) аралас хоры бар.

Хор жетекшісі Әсел Темірованың айтуынша, тұсаукесерге дайындалу үшін студенттер жазғы демалысқа да шықпаған.

- Бұл жоба қатысушылардың мәңгі есінде қалып, біздің мамандыққа басқаша көзқараспен қарауға итермелейді. Осындай іс-шаралар ұжымды біріктіріп, мамандығымыздың қаншалықты сан қырлы әрі маңызды екенін түсінуге мүмкіндік береді. Әртістер «Астана Опера» театрында өздерін жайлы сезініп, көп әсер алды, жаңа таныстықтар орын алды. Бас дирижер Алан Бөрібаевқа тамсана қарауда, оның жан қуатына, жоғары кәсібилігіне, жұмыс жасау мәнеріне дән риза, - деп атап өтті Әсел Темірова.

Мол жұмыс тәжірибесі бар музыканттар ең алдымен «Астана Опера» залының акустикасына және әріптестерінің асқан шеберліктеріне жоғары баға беруде. Абай атындағы МАОБТ оркестр әртісі Нұрлан Сағымбаев №8 Симфонияның әлем бойынша өте сирек орындалатынын және қарқынды күш-жігерді қажет ететінін атап өтті.

- Әрине, түрлі ұжымдардың басын қосу барысында кейбір қиындықтар туындайды, бұл «музыкалық қоспаға» байланысты, бірге ойнап көрмегендіктен, түрлі дыбыстар шығады, бірақ дайындық кезінде бәрі өз орнына келіп, қалаған нәтижеге қол жеткіземіз – деді әртіс.

Нұрлан Сағымбаевтың сөзіне «Солистер академиясы» мемлекеттік камералық оркестрінің әртісі Әлішер Дүтбаев та қосылуда.

- Бұл шығарманың дайындық барысында жұмыс жасаудың өзі – бір ғанибет, - деп пайымдауда Әлішер. Осындай кең ауқымда барлық оркестрді, хор мен солистерді біріктіру идеясының өзі – сөзсіз керемет. Біріншіден, бұл рекорд, екіншіден, бұндай жоба елімізде алғаш рет өтуде.

Оңтүстік Қазақстан облысы опера және балет театрының көркемдік жетекшісі Ерлан Жандарбайәртүрлі ел мен сан-алуан мәдениет музыканттарын біріктіретін мереке деп осы жоба туралы сөз етті.

- Біздің театрдан 40 әртіс хоры ұсынылған. Ұжымымыз жас, болашағы зор. Осындай концертке қатысу біз үшін үлкен мәртебе. Қазақстандықтар үшін бұл қуанышты мереке деп ойлаймын. Әзірлік кезінде шеберлік сабағы, тәжірибемен алмасу орын алуда, - деп есептейді Е.Жандарбай.

Сондай-ақ концертке «Астана Операның» балалар хоры, Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының қазақ камералық хоры, Қазақ ұлттық өнер университетінің аралас хоры, «Елігай» балалар хоры,А.Жұбанов атындағы республикалық дарынды балаларға арналған мамандандырылған музыкалық қазақ орта мектеп-интернатының, К.Байсейітова атындағы республикалық дарынды балаларға арналған мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернатының, М.Төлебаев атындағы музыкалық №5 мектептің, П.Чайковский атындағы музыкалық колледждің балалархоры және Астана, Алматы, Павлодар, Петропавл, Ақтөбе, Көкшетау, Семей, Орал қалаларынан келген ұжымдар қатысады.

Қазақстанда осы сынды жоба тағы қашан қайталанатыны – белгісіз, бірақ біз бен сіз қазақстандық музыка тарихының бірегей даму үрдісінің куәсі болатынымыз – айдан анық. «Астана Опера» театрының бас дирижері Алан Бөрібаев симфониялық рекорд жасауда.

Өзгерту: 28.07.2017