2017 жылғы 15 маусымдағы есеп беру кездесуі

Үстіміздегі жылдың 15 маусым күні сағат 15:00-де Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлының халық алдында есеп беру кездесуі өтеді.

Министрге сұрақтарды кездесу барысында, сонымен қатар Министрлік сайтында қоюға болады.

Өткізу орны: Астана қ., Д. Қонаев к., 4, «Қазмедиа» орталығы.

Аймақтардың тұрғындары үшін сұрақты онлайн қою мүмкіндігі бар бейнеконференц байланыс қамтамасыз етіледі.

Толық ақпаратты облыстық және Астана, Алматы қалалары әкімдіктерінен алуға болады.